1990 жылға дейін салынған тұрғын үйлер Қазақстанда ең көп сұранысқа ие үйлер ретінде тікркелді, деп хабарлайды naryk.kz.
Әділет министрлігінің мәліметінше, 2017 жылдың 1 маусымында 1990 жылға дейін салынған үйлердің 35,5 мыңы сатылған. Ал былтыр осы уақытта бұл көрсеткіш 28 мың болған еді.
Екінші орында 2001 жылдан бері қарай салынған үйлер. Бұл үйлердің бірінші маусымында 27,8 мыңы сатылды. Ал былтыр бірінші маусымда 22,1 мыңы сатылған болатын.
Сұранысы ең аз үйлер 1990-2001 жылдар аралығында салынған үйлер. Бұндай үйлердің бірінші маусымда 7 мыңы сатылса, өткен жылдың алғашқы үш айында бұл көрсеткіш 5,6 мың болған еді.
Айта кетелігі, жоғарыдағы үш топтағы үйлердің де сатылымы биыл былтырғымен салыстырғанда шамамен 1,2 есеге дейін артқан.