1991 жылдан бері 1 миллионнан астам этникалық қазақ атамекенге оралған

1212

Жыл басынан бері жақын және алыс шетелдерден 4 921 адамнан тұратын 2 504 отбасы тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алды. 

1991 жылдан бері 1 миллионнан астам этникалық қазақ атамекенге оралған

Көші-қон процестерін мониторингілеу басқармасының басшысы елімізге келгендердің көпшілігі қазақтар екенін мәлім етті.

"Елімізге келетіндердің көбі қандастарымыз. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 17661 этникалық қазақ атамекеніне оралған. Қазақстан этникалық репатрианттардың бейімделуі мен интеграциясы үшін барынша қолайлы жағдай жасады. Этникалық қазақтар оралман мәртебесін ала отырып, жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқылы. Министрлік репатрианттарға елде тұрақты тұруға және Қазақстан азаматтығын алуға рұқсат ету, сондай-ақ әлеуметтік бейімделу мен интеграциялық қызметтер кешенін ұсыну құқығын беретін кейбір заңнамалық актілерге бірқатар түзету енгізуді қарастыратын заң жобасын әзірледі", – деп атап өтті Дастан Айтқұлов.

Министрлік өкілі сөз соңында елімізде мигранттардың заңды құқықтарын сақтау және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту принциптері сақталатынын атап айтты.  

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу