2,3 миллиард теңге сомаға 462 қарыз қайта қаржыландырды - Ұлттық банк

605

 2,3 миллиард теңге сомаға 462 қарыз қайта қаржыландырды - Ұлттық банк

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде банктер 152,4 млрд теңге сомаға 24 421 қарызды мақұлдап, 126,2 млрд теңге сомаға 22 009 қарызды қайта қаржыландырды, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.
Мақұлданған және қайта қаржыландыруды күткен қарыздарды қайта қаржыландыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі 20,931 млрд теңге мөлшеріндегі қаражаттың игерілмеген қалдығын банктер арасында бөлді. 
Бағдарламаның екінші бөлігі Қазақстан Ұлттық банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың теңгемен валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруды көздейді.
Бағдарламаны Қазақстанда іске асыру қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген валюталық ипотекалық қарыздары теңгеге аударылатын болады.
Валюталық қарыздарды қайта қаржыландыруды банктер 2018 жылғы 30 желтоқсанға дейін жүзеге асыратын болады, бұл ретте 2018 жылғы 15 желтоқсанда қарыз алушының қарызды қайта қаржыландыруға арналған өтінішін беру мерзімі бітеді.
Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, "ForteBank" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ, "АТФ Банк" АҚ, "Цеснабанк" АҚ, "Kassa Nova Банкі" АҚ, "Еуразиялық Банк" АҚ, "Altyn Bank" АҚ, "Ресей Жинақ Банкі" АҚ, "Bank RBK" АҚ, "KZI Bank" АҚ, "AsiaCredit Bank" АҚ, "ВТБ Банк (Қазақстан)" АҚ ЕҰ, "Альфа-Банк" АҚ ЕБ, "Capital Bank Kazakhstan" АҚ және "Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ кірісіп кетті.
2018 жылғы 1 шілдеде банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыруға 5,0 млрд теңге сомаға 802 өтінімді мақұлдап, 2,3 млрд теңге сомаға 462 қарызды қайта қаржыландырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу