2,3 млн-нан астам қазақстандық біржолғы төлем алды – министрлік

830

25 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша.

2,3 млн-нан астам қазақстандық біржолғы төлем алды – министрлік

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, шілдедегі шектеулерге байланысты 42500 теңгені алуға 2 млн 589 мыңнан астам қазақстандықтан өтініш түскен. Төлем 2 млн 384,3 мың адамға тағайындалып, 2 млн 380,2 мың қазақстандыққа ақшалай қаражат аударылған. Ал 2 млн 372 мың адамға тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы беріліпті.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу