Назарбаев кеңсесі жұмысын тоқтатады

540

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі  .

Назарбаев кеңсесі жұмысын тоқтатады Фото: sharij.net

"Бүгінгі таңда қайта құрылымдау процесі жүріп жатыр. Сонда жұмыс істеп жүрген адамдарды басқа жаққа бірліктерін беру, жұмыстан қысқарту дегендей. Кез келген адамды жұмыстан шығару үшін еңбек кодексін сақтауымыз керек. Бұл тек осы жағдайға ғана қатысты емес, кез келген мекемеде қолданылады. Яғни адамдарға алдын ала хабарлама беріледі", - деп түсіндірді министр.

Тілшілер одан "Бұл енді Назарбаевтың кеңсесі болмайды деген сөз бе?" деп қосымша сұрады. 

"Назарбаевтың канцеляриясы жалпы заңда көрсетілген аясында ғана жұмыс істейтін болады. Тек қана канцелярия ғана емес, оның аясында жұмыс істеп жатқан кітапхана да бар. Онда құнды дүниелер бар. Оны қандай министрліктің немесе мемлекеттік органның аясына ауыстыру керек, қайта құру керек. (...) Қазір реструктуризация процесі жүріп жатыр ғой. Негізінен жалпы оның заң аясында жұмысы тоқтатылады", - деп атап өтті ол.   

Қаржы министрінің сөзінше, қайта құрылымдаудан шамамен алғанда 2-3 млрд теңге қаржы үнемделеді. Ол Назарбаев кеңсесі жақын арада жұмысын тоқтататынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу