Қыс мезгілі келіп, жауын-шашын мол болған кезде елорданың мемлекеттік қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. 27 желтоқсан күні таңертеңнен бері 2,3 мыңнан астам жұмысшы мен 1600-ге жуық арнайы техника қала көшелерін қар мен мұздан тазартуда.
Ол үшін ауыр жүк көліктері қар үйінділеріне 1200-ден астам рейс жасады.
Жалпы, қыс маусымы басталғалы қаладан 600 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл шамамен 48 мың жүк көлігіне артылатын жүк көлеміне тең.
Жұмыс тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіледі.
Сондай-ақ, тұрғындардың ыңғайлы жүріп-тұруы үшін қала бойынша жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы жүйелі түрде себілуде.