2,5 млн адам пайдаланатын су көзі мұнай өнімдерімен ластанып отыр – сенатор

388

Депутат Көкжиде жер асты суының аумағындағы мұнай өндіруші кәсіпорындардың жер асты суын пайдалануға рұқсатын тексеруді ұсынды. 

2,5 млн адам пайдаланатын су көзі мұнай өнімдерімен ластанып отыр – сенатор Фото: inbusiness.kz

Қазақстанның батыс өңірін толығымен ауыз сумен қамтамасыз ете алатын Көкжиде кен орнындағы жер асты суы мұнай өнімдерімен ластанған. Бұл туралы Сенат депутаты Бауыржан Қаниев өзінің депутаттық сауалында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Көкжиде кен орны республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры нысандарының тізбесіне енгізілген. 

"2009-2019 жылдар аралығында осы ерекше жер асты суын сақтау мақсатында Ақтөбе облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша "Көкжиде" құмы объектісіндегі 38 ұңғымаға мемлекеттік экологиялық зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бойынша жыл сайын жер асты суын мұнай өнімдері ластағаны тіркелді. Ал 2020 жылы Көкжидедегі жер асты суындағы мұнай өнімдерінің рұқсат етілген шекті құрамы 6 есеге көбейіп кеткені анықталды", - деп атап өтті сенатор. 

Оның сөзінше, 2,5 миллионға жуық адам пайдалана алатын су көзін сақтау аса маңызды. 

"Көкжиде жер асты суының аумағындағы мұнай өндіруші барлық кәсіпорындардың жер асты суын пайдалануға рұқсаттарын тексеру керек. Аталған аумақта 2025 жылға дейін мұнай және газ ұңғымаларын кезең-кезеңімен жою жөніндегі шаралар жоспарын қысқа мерзімде әзірлеу және бекіту маңызды. Жоспардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылау қажет", - деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу