2,5 млрд теңге көлеміндегі өсімпұл мен айыппұл кешірілді

1139

Алдын-ала мәлімет бойынша, рақымшылыққа шағын және орта бизнес өкілдерінің 90 мыңнан астамы ілінеді. 

2,5 млрд теңге көлеміндегі өсімпұл мен айыппұл кешірілді

Елімізде салықтық рақымшылық аясында шағын және орта бизнес субъектілерінің 2,5 миллиард теңге болатын өсім және айыппұлы кешірілді. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы мәлімдеді.

Марат Сұлтанғазиев осындай кәсіпкерлердің 46 пайызы қарыздарын өтегенін айтты. Өткізілген берешек сомасы 7,8 миллиард теңгені құрады. Соның ішіндегі 2,3 миллиард өсім мен 200 миллион айыппұл алынып тасталды.

Алдын-ала мәлімет бойынша, рақымшылыққа шағын және орта бизнес өкілдерінің 90 мыңнан астамы ілінеді. 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, оларда 340,6 миллиард теңге салықтық қарыз бар. Сонымен қатар, бүгін жеке тұларға қатысты амнистия туралы заң күшіне енді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу