2,5 мың қарағандылық жол ақысын төлеуге арналған карталар сатып алды

792

Электронды төлем енгізілгеннен кейін барлық кондукторлар Smart Card компаниясына инспектор ретінде жұмысқа тұра алады.  

2,5 мың қарағандылық жол ақысын төлеуге арналған карталар сатып алды

15 қыркүйектен бастап Қарағандыда электронды билеттеу жүйесі тестіден өте бастайды. Жүйені сынақтан өткізу екі аптаға созылады. 2,5 мың қала тұрғыны жол ақысын төлеу үшін арнайы карталарды сатып алды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Облыс орталығында барлығы осындай 250 мың карта сатылымға түсті. Олардың барлығы Оңтүстік Кореяда әзірленген, болашақта оларды қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын төлеу үшін ғана емес, сонымен қатар супермаркеттер мен дүкендерден тауарлар сатып алу үшін де пайдалануға болады.

Карталардың бірнеше түрлері бар: жалпы, оқушылар, зейнеткерлер және халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері үшін. Бір картаның бағасы - 600 теңге. Олардың барлығы нөлдік теңгеріммен сатылады. Толтыру үшін ең аз сома - 100 теңге салынуға тиіс.

Картаны бүкіл қала бойынша 50 ұялы байланыс бөлімінен, "Қазпоштаның" 48 бөлімшесінен алуға болады. Іздеу жолағында Smart Card теру арқылы 2GIS қосымшасында сату және толықтыру нүктелерін табуға болады. Осы жылдың соңына қарай картаның теңгерімін Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларының көмегімен толықтыруға болады.

"Картаны сатып алғаннан кейін оны scard.kz сайтында белсенді ету керек  Иесі өзінің ЖСН және картада көрсетілген нөмірді енгізуі керек. Бұл ең алдымен карта иесінің қауіпсіздігі үшін, сондай-ақ зейнеткерлерге, мектеп оқушыларына және халықтың басқа санаттарына арналған жеңілдікті тарифтерді картаға бекіту үшін қажет", – дейді Smart Card инвестициялық компаниясының маркетинг жөніндегі менеджері Наталья Лукьяненко.

Карточка жоғалған немесе бұзылған жағдайда, онда бар теңгерімді жеке тіркеу деректерін қолдана отырып, жоғалтпай жаңасына ауыстыруға болады. Егер карта өндірушінің кінәсінен істен шықса, Smart Card компаниясы жаңасын тегін ұсынады. Карталар қате төлемдерден қорғалады. Ол 15 минут ішінде жол ақысын қайта төлей алмайды.

Жаңа жүйенің сынақ мерзімі кезінде тұрғындар жол ақысын бұрыңғыдай қолма-қол төлей алады. Бұл жағдайда тариф төлем әдісіне қарамастан өзгеріссіз қалады. Кейінірек, жүйе қалада толығымен қабылданған кезде, тариф сараланады.

"Электрондық билеттеу жүйесі енгізілген Қазақстанның басқа қалаларындағыдай, біз халықты карталарды сатып алуға ынталандыратын боламыз. Ол үшін сараланған тариф енгіземіз. Яғни, карта иелері үшін жол жүру қолма-қол ақша төлейтіндерге қарағанда арзанырақ болады. Бұл тарифтердің қандай болатынын әзірге айта алмаймыз: мұның бәрі қазір есептелуде", - деп түсіндірді "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысы Ескендір Қабидолла.

Қазір Қарағандыдағы барлық автобустар кіре берісте және шығуда валидаторлармен және жабдықтардың сақталуын бақылауға мүмкіндік беретін арнайы камералармен жабдықталған.

Электрондық билеттеуге көшу облыс орталығындағы жолаушылар тасымалы жүйесін барынша ашық етуге мүмкіндік береді.

"Осылайша, біз автопарктерді дұрыс субсидиялай аламыз, тасымалданатын жолаушылар саны туралы дау-дамайды болдырмаймыз, автобустардың қозғалыс кестесін бақылай аламыз, нәтижесінде жүйені тұтастай жақсарта аламыз", - деп түсіндіреді Ескендір Қабидолла.

Айта кету керек, электронды төлем енгізілгеннен кейін қызметтері қажет болмай қалатын барлық кондукторлар Smart Card компаниясына инспекторлар ретінде жұмысқа тұра алады. Олар үшін жаңа жабдықтармен жұмыс істеуді оқыту бойынша қысқа мерзімді курстар қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу