2,5 мыңға жуық қазақстандық банкроттыққа өтінім берді

467

Банкрот атанғысы келген қазақстандықтарға қатысты соңғы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2,5 мыңға жуық қазақстандық банкроттыққа өтінім берді Фото: inbusiness.kz

"3 наурызда азаматтардан банкроттық туралы өтініш қабылдау басталды. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша банкроттық туралы соттан тыс 1 469 өтініш келіп түсті. Оның ішінде eGov арқылы 1 399, ал e-Salyq Azamat арқылы 70 өтінім бар. Алғашқы өтініш электронды үкімет порталы арқылы Жамбыл облысынан сағат 09:05-те келді", - делінген хабарламада.

Кірістер комитеті ұсынған ақпаратқа сәйкес, кешкі сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ел аумағынан 2 466 өтініш түскен.

Банкроттыққа өтініш беру бойынша көш басында Түркістан облысы тұр (289 өтініш). Одан әрі 238 өтінішпен Алматы қаласы, үшінші орынға Алматы облысы (227 өтініш) орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу