2,5 жастағы бүлдіршін ойыншық аламын деп жиған ақшасын қайырымдылық қорына аударды

1833

"Түркия - бір жүрек" арнайы шығарылымы бүтін Түркияны біріктірді. 

2,5 жастағы бүлдіршін ойыншық аламын деп жиған ақшасын қайырымдылық қорына аударды

Тікелей эфирде жер сілкінісінен зардап шеккендерге қол ұшын созғандардың санында шек болмады. Олардың қатарында 2,5 жастағы Кыванч Кешан да бар. Бүлдіршін ойыншық аламын деп жиған ақшасын қайырымдылық қорына аударды. 

6 сағатқа созылған шығарылым барысында Түркияның жомарт азаматтары тікелей эфирге қоңырау соғып, зілзаладан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетті. Арнайы шараға Түркияның ең танымал өнер жұлдыздары мен спортшылары қатысты. Олар студияға келген телефон қоңырауларын қабылдап отырды. Нәтижесінде 6 107 014 $

(115 миллиард 146 миллион 528 мың түрік лирасы) қаражат жиналды. Бұл сома апат және төтенше жағдайлар басқармасы мен "Түрік Қызылай" қорына аударылып, аталмыш аймақ тұрғындарына  беріледі.  Осылайша Түрік халқы жер сілкінісі салған жараны бірге жазуға кірісті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу