2,6 млрд теңге – халықтың ақшасы кәріз суына ағып кетті ме?

1025

Шамамен есептегенде, жұмыстың 70%-ы орындалмаған, ал іске қомақты сома бөлінген болатын. Үржар ауданы Мақаншы ауылында су құбыры 80 көшенің 11-іне ғана тартылған. 

2,6 млрд теңге – халықтың ақшасы кәріз суына ағып кетті ме? Фото: "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігі

Жұмыс 2020 жылы аяқталуға тиіс еді, бірақ үш жыл мерзім өтіп кетсе де, әлі созылып келеді.

Бұл туралы "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облысындағы филиалынан хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Айта кету керек, тапсырысты Үржар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі берген. Ол кезде аудан ШҚО-ға қарап тұрған еді. Ал мердігер мекеме "АСТАНАВОДСЕРВИС" ЖШС деп аталады.  

"Визуалды тексеру кезінде көптеген заң бұзушылық байқалды. Кей көшеде құдық, ал кей көшеде құбырдың өзі жоқ. Люктер сынған, Құбырлар арасында жұмсақ байланыс қойлмаған. Жер асты суларының деңгейі жоғары жерлерде дренаж орнатылмаған. Құрылыстан кейін жолдар қалпына келтірілмеген. Су жинау станциясына шекара жасағы мен аудандық ауруханадан ағып келетін кәріздің тұндырғышы бар. Тазартылған су ластанады деуге толық негіз бар", - дейді "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің өңірлік жетекшісі Әділ Пшенов.

Ол кәріз ағып келетін жерге таза су станциясын салуға рұқсат берген экология мен СЭС өкілдерін де тексеру керек деп есептейді.

Қоғам белсендісі ықтимал залал сомасын анықтау үшін уәкілетті органға өтініш жіберілгенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу