2,7 мың отбасы жетімдер үйінен бала асырап алуға кезекте тұр

1788

2,7 мың отбасы жетімдер үйінен бала асырап алуға кезекте тұр

Алматыда 8 баласы бар отбасы, жетімдер үйінен  5 баланы асырап алды. Қамқор жандар әр баланың өз отбасы болып, үйде тәрбиеленуі керек дейді. Олар балалар үйі тәрбиеленушілерінің санын азайту үшін тың жоба ойластырып қойған. Оған "Туған үй" деген атау беріпті, деп хабарлайды almaty.tv.

Кумашевтер әулеті бес бүлдіршінді қамқорлығына алған. Биыл іске қосылған "Бала асырап алушы отбасы" бағдарламасы ерлі-зайыптыға тәрбиеге төрттен де артық баланы алуға мүмкіндік беріпті. Қазір балалардың барлығы бір шатыр астында тату-тәтті өмір сүруде. Қызығы сол, перзентке зәру емес Кумашевтардың өздерінің туған 8 баласы мен 5 немересі бар екен. Ал, жетімдерді асырап алу туралы ой, ерлі-зайыптыға бұрыннан келген. Олар, бүлдіршіндерді үйде тәрбиелеп, үлкен өмірге бейімдеуді көздеп отыр.

Өзгенің баласын өзектен теппей, бауырына басқан әулет енді 5 бүлдіршінді қатардан қалдырмай, жетілдіруді өз мойындарына алып отыр. Сондай-ақ, олар Қазақстандағы жетімдер үйі тәрбиеленушілерінің санын азайтудың өз жолын ойластыруда. Алдағы уақытта "Туған үй" атты жобаны жүзеге асырып, тағы да 5 балаға дейін асырап алуды қолға алмақ. Ерекшелігі, мұнда балалар ата-ананың аялы алақанын сезініп, үй тәрбиісін көреді. Тек, жобаны толық жүзеге асыру үшін қайырымды жандардан көмек қажет екен.

Бүгінде елімізде 27 мыңға жуық жетім болса, оның 19 мыңнан астамы асырап алынған. Ал, 1832-бала патронаттық тәрбиеде. Тағы 7000-ға жуық бала жетімдер үйінде өз отбасыларын аңсап жүр. 7000 баланың барлығына Үкімет үй тауып бере алмай отыр. Өйткені, Қазақстанда небәрі 2700 отбасы жетімдер үйінен бала асырап алуға кезекте тұр. Оның көпшілігі сәбиді шақалақ кезінде алғысы келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу