Қазақстанда осы жылдың мамыр айынан қыркүйек айына дейін барлық қаржыландыру көздерінен 2 743 көпбалалы отбасы жалға берілетін тұрғын үйдің кілтін алды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі комитеттің мәліметтері бойынша, ең көп жалға берілетін пәтерлер Шығыс Қазақстан облысында (366) берілді, екінші орында көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша Павлодар облысы (323), үшінші орында Алматы қаласы (322) тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу