2,766 мың тонна шикі мұнай экспортқа шығарылды

984

2,766 мың тонна шикі мұнай экспортқа шығарылды

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында  "Өзенмұнайгаз" АҚ және "Ембімұнайгаз" АҚ-нің шикі мұнай сату көлемі 4 084 мың тоннаны (тәулігіне 163 мың баррель) құрады, соның ішінде 2 766 мың тонна (тәулігіне 110 мың баррель) шикі мұнай экспортқа және 1 318 мың тонна (тәулігіне 53 мың баррель) шикі мұнай ішкі нарыққа жөнелтілді, бұл жалпы сату көлемінің 32%-ын құрайды. Компанияның ішкі нарыққа шикі мұнайды жеткізу үлесі 2016 жылы 41%-ды құрады. Бұл туралы  "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

ӨМГ және ЕМГ ішкі нарыққа жеткізген 1 318  мың тонна (тәулігіне 53 мың баррель) шикі мұнайдың 1 042 мың тоннасы (тәулігіне 42 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және  276 мың тоннасы (тәулігіне 11 мың баррель)  Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жөнелтілді.

2017 жылдың алғашқы алты айында мұнай өнімдерін сату мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес мұнай өнімдерінің 1 282 мың тоннасын құрады. 2016 жылдың бірінші тоқсанында ішкі нарыққа шикі мұнай жеткізу 830 мың тоннаны құрады және 2016 жылдың екінші тоқсанында, мұнайдың дербес процессингі схемасына көшкеннен кейін Компания процессинг схемасына сәйкес 761 мың тонна мұнай өнімдерін өткізді.

ҚМГ БӨ-ге тиесілі CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлемінің үлесі 1 763  мың тонна мұнайды (тәулігіне 72 мың баррель) құрады, оның  769 мың тоннасы (тәулігіне 30 мың баррель) экспортқа  және 994 мың тоннасы (тәулігіне 42 мың баррель) ішкі нарыққа  өткізілді, бұл компаниялардың жалпы сату көлемінің 56%-ын құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу