2,8 млн тг: алаяқ ақмолалық тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген

513

Ол өзін екінші деңгейлі банктен қауіпсіздік бөлімінің қызметкерімін деп таныстырған.

2,8 млн тг: алаяқ ақмолалық тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген Фото: polisia.kz

Алаяқ қосымша арқылы ақмолалық тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген. 29 тамыз күні  Жарқайың ауданының полиция бөліміне 59 жастағы жергілікті тұрғынынан алаяқтық фактісіне қатысты өтініш келіп түскен.

Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, 16 тамызда белгісіз адам оның телефонына қоңырау шалып, өзін банк қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырып, алаяқтық әрекеттердің алдын алу және оның шотындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ер адамға Rust Disk қашықтан қол жеткізу бағдарламасын жүктеу қажет деп сендірген.

Осы қосымшаны орнатқаннан кейін, жәбірленуші телефонның екінші жағында алаяқ екенін түсініп, "ұшу" режимін қосқан. Алайда, осы режим өшірілгеннен кейін ҚР жетекші банктерінің бірінде өтеу кестесі туралы хабарлама табылып, онда белгісіз тұлға оның атына 2,8 миллион теңгеден астам несие ресімдеген.

Өтініш берушінің айтуынша, күдіктімен телефон арқылы сөйлесу шамамен 1 минутқа созылған. Осы фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу