Шымкент тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған: оның бақылауымен мобильді қосымша арқылы қолжетімді покер клубы түріндегі онлайн-казино жұмыс істеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қылмыстық әрекет оған аса ірімөлшерде заңсыз кіріс әкелген.
Бірінші сатыдағы сот Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолдана отырып, бас бостандығынан айыру жазасын шарттытүрде тағайындаған. Заңсыз алынған қаражатты тәркілеу мәселесі шешімін таппаған.
Бас прокуратураның наразылығы бойынша кассациялық сот шартты түрде сотталуды жойып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Мемлекет пайдасына 2,8 млрд теңге – онлайн-казинодан түскен заңсыз кіріс өндірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу