2,9 мыңнан астам медицина қызметкеріне төлем жасалды

495

Коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне  2 млн теңге, ал осы аурудан қайтыс болғандардың туыстарына 10 млн теңге беріледі. 

2,9 мыңнан астам медицина қызметкеріне төлем жасалды

Коронавирустық инфекция мен  вирустық пневмонияны жұқтырған 2 955 медицина қызметкеріне және осы ауру салдарынан қайтыс болған 29 медицина қызметкерінің туыстарына МӘСҚ-тан төлемдер жасалды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Өңірлер бойынша алып қарайтын болсақ, COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына қатысты Нұр-Сұлтан (638) және Алматы (373), Шымкент (140) қалалары, Қарағанды (368), Батыс Қазақстан (250), Атырау (180) және Ақмола (180) облыстарының медицина қызметкерлеріне  ең көп төлем жасалған.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі "Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" бірлескен бұйрығына ағымдағы жылдың 22 шілдесінде енгізілген өзгерістерге  сәйкес жоғарыда көрсетілген төлем:

– коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге;

– COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан,  вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына – 10 млн теңге көлемінде төленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу