"2023 жылдың 2 ақпанында, сағат 11:00-де Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) кезектен тыс ⅩⅩ съезі өтеді.
Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 8 үй, Ramada By Wyndham қонақ үйі (бұрыңғы Гранд Парк Есіл).
Съезд жұмысына Қазақстанның барлық аймақтарынан келген партия филиалдарының делегаттары қатысады", - делінген хабарламада.
2023 жылдың 21 қаңтарында ЖСДП төралқасы 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатынын хабарлаған болатын.
Айта кетейік, бүгін AMANAT партиясы 7 ақпанда кезектен тыс съез өткізетінін мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу