Қамшыбек Ташиевтің ағасы қамауға алынды

Ал 2 ай бұрын оның інісі, Қырғызстанның "екінші адамы" болған Қамшыбек Тәшиев қызметінен босатылған еді.

Қамшыбек Ташиевтің ағасы қамауға алынды Фото: akipress.kg

Осылайша, "сыбайлас жемқорлық жасады" деген күдікпен Жогорку Кенештің экс-депутаты Шаирбек Ташиев ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қырғызстан ІІМ мәліметінше, ұстау "Қырғызмұнайгаз" ААҚ-дағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істің бөлігі аясында жүзеге асырылып отыр. Бұған Министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік салық қызметінің материалдары мен аудиттік тексеруі негіз болған.

14 наурызда ғана Шаирбек Ташиев депутаттық мандатынан өз еркімен бас тартқан еді. Сол себепті, Қырғыз Республикасының Орталық сайлау комиссиясы оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. 

Шаирбек Ташиев ІІМБ Бішкек қаласындағы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған. 

Жоғарыда жазғанымыздай, 10 ақпан күні Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшылық құрамында ауыс-түйіс болды. Яғни, Қамшыбек Ташиев министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы қызметінен босатылды. Артынша төрағаның 3 орынбасары да қызметінен кетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу