2 қала мен 2 облыс "қою қызыл" аймақта тұр

5208

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық ахуал жайлы баяндама жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

2 қала мен 2 облыс "қою қызыл" аймақта тұр

"Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бері "қызыл" аймақта тұр. Түркістан облысынан басқа өңірлердің барлығы "қызыл" аймақта. 3 тамыздағы жағдай бойынша, республикадағы инфекциялық төсек-орынның 56%-да, реанимациялық төсек-орынның 44%-да науқастар жатыр. Жұқпалы ауруханалардағы ең көп науқас Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, жансақтау бөліміндегі науқастар Ақмола, Атырау, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында көп тіркелген", – деді Алексей Цой.

Министрдің мәлімдеуінше, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау және Қарағанды облыстары "қою қызыл" аймақта тұр.

"Мұнддағы төсек-орынның апталық қамтылу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден асады", – деді Алексей Цой.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу