2 қарашадан бастап "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ жер телімдері бойынша электрондық сауда-саттық жүргізеді

1150

"Проблемалық кредиттер қоры" жер телімдерін сату бойынша "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында кезекті электрондық сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды.

2 қарашадан бастап "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ жер телімдері бойынша электрондық сауда-саттық жүргізеді

2021 жылғы 2 қарашадан бастап Қор Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округінің маңында орналасқан жер учаскелері бойынша мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық сауда-саттық жүргізеді.

Гүлдала а/о маңындағы жер телімдерінің ерекше құндылығы олардың Үлкен Алматы айналма автожолының (ҮАААЖ) бойында орналасуында.

Қор ауылшаруашылығы мақсатындағы, жалпы көлемі 542,1655 га (54 216,55 сотық) 144 жер телімін сауда-саттыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Жер телімдерінің көлемі 0,0378 га-дан (3,7800 сотық) 27 га-ға дейін (2700,000 сотық), бастапқы бағасы – 1 032 000 теңгеден 221 389 000 теңгеге дейін. Толық ақпаратты www.fpl.kz (http://www.fpl.kz/) сайтынан немесе +7 7(727) 355 01 11 нөмірі бойынша Қордың call-орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болады.

Аталған активтерді елдің экономикалық айналымына қайтару өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытуға елеулі серпін бермек.

Қор активтерін экономикалық айналымға тартудың сәтті мысалдарының бірі – бүгінде тау шаңғысы курорттарының біріне айналған Алматы облысы Талғар ауданы Бесқайнар ауылындағы ауданы 30 га құрайтын жер телімін сату болды.

Естеріңізге сала кетейік, "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ 2012 жылы банк жүйесінде қарыз портфелінің сапасын жақсарту бойынша стратегиялық міндетті орындау мақсатында баланста "жұмыс істемейтін" қарыздардан "тазарту" үрдісінде банктерге жәрдемдесу үшін құрылды.

Қордың миссиясы – Ұлттық экономиканы қалпына келтіруге ықпал ету, жұмыс істемейтін активтерді сатып алу арқылы екінші деңгейлі банктердің несиелік портфельдерінің сапасын арттыру және жұмыс істемейтін активтерді оларды қалпына келтіру және сату арқылы экономикалық айналымға тарту болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу