"2 күміс, 4 қола": Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды

426

Астаналық Лəззат Күнгейбаева, Валентина Хальзова, Рима Волосенко мен Аида Әбікееваны әуежайдан туыстары мен достары, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев және басқа да мекеме мамандары күтіп алды. 

"2 күміс, 4 қола": Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды  Фото: gov.kz

Делиде бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсеткен елордалық спортшылар елге оралды, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жалпы бұл нәтижеге көңілім толады. Құрамамыз 6 медаль жеңіп алды. Десе де әлі тынбай жұмыс істеуіміз керек. Алда Азия ойындары келе жатыр. Ол сында біздің боксшылар барынша көбірек Олимпиада жолдамасына қол жеткізуі қажет", - деді Қазақстан бокс федерациясының Атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков.

Отандық спортшылар 2 күміс және 4 қола жүлдені місе тұтты. Аса ауыр салмақ дәрежесінде (+81 кг) ел намысын қорғаған елордалық Лəззат Күнгейбаева əлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, марокколық Хадидже Эль-Мардиге есе жіберді. Екінші күміс жүлдені Карина Ибрагимова (57 келі) жеңіп алды. Тағы 4 спортшы – Алуа Балқыбекова (48 кг), Надежда Рябец (66 кг), Валентина Халзова (75 кг) және Фариза Шолтай (81 кг) қола жүлдеге ие болды. 

Жалпы есепте Үндістан 4 алтынмен көш бастады. Үздік үштік қатарында Қытай мен Ресей бар.

Еске салайық, осыған дейін Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу