2 миллионнан аса қазақстандық вакцинация алды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі ресми парақшасында жазды.

2 миллионнан аса қазақстандық вакцинация алды Фото: inbusiness.kz

Соңғы көрсеткіштерге сай, елімізде жіті респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Соңғы аптада ЖРВИ жағдайларының саны 6,8%-ға азайған. Ал эпидемиялық маусым басталғалы бері сырқаттанушылық өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,3%-ға төмен. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша соңғы аптада елімізде ЖРВИ-дің 133 052 жағдайы тіркелген. Эпидемиялық маусым басталғалы бері жалпы 1 453 967 жағдай анықталған. 

– Республикадағы эпидемиологиялық жағдай күзгі кезеңге тән маусымдық деңгейге сәйкес келеді. Мамандар респираторлық вирустардың таралуы мен сырқаттанушылық деңгейіне апта сайын мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

1 қыркүйектен бастап зертханалық жолмен тұмаудың 297 жағдайы расталды. Оның 295-і – A(H1N1) вирусы, ал 2 жағдай – B типті тұмау. Басқа респираторлық вирустар арасында риновирустар, бокавирустар және аденовирустар басым анықталуда, – делінген ресми ақпаратта. 

Жалпы, Қазақстанда тұмауға қарсы 2 миллионнан астам адам вакцинациялаудан өткен. 2 065 649 адам вакцина алған, бұл жоспарланған қамтудың 93,9%-ын құрайды. Вакцина еліміздің барлық өңірінде қолжетімді екенін айта кетейік. 

– Республикада инфекциялық аурулармен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін 13 335 инфекциялық төсек-орын дайындалған. Қазіргі уақытта олардың 63%-ы, оның ішінде балаларға арналған төсек-орындардың 69,4%-ы қамтылған.

Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды және медициналық ұйымдардың маусымдық жүгінудің өсуіне дайындығын бақылауды жалғастыруда, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі ресми парақшасында.

Дәрігерлер қарапайым профилактикалық шараларды сақтауға кеңес береді: қолды үнемі жуу, үй-жайларды желдету, науқас адамдармен тығыз байланыстан аулақ болу. ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда үйде қалып, қажет болған кезде медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу