2 млн адамға 5 567 мың теңгенің азық-түлігі үлестіріледі

885

Қаржы вице-министрі дағдарысқа қарсы бағытталған 5,9 трлн теңгенің қалай игерілетінін түсіндірді.

2 млн адамға 5 567 мың теңгенің азық-түлігі үлестіріледі

Төтенше жағдай кезінде мұқтаждыққа тап болған адамдарға азық-түлік тарату үшін бюджеттен 30,8 млрд теңге бөлінбек. Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов осындай мәлімет айтты.

"Дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы пакеті салықтық түсімдер мен жергілікті деңгейдегі қолдауды қоспағанда 5,9 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 2,5 трлн теңге бюджеттен тыс көздерден, 3,5 трлн теңге республикалық бюджет есебінен үш бағытқа жұмсалады. Бірінші бағыт. Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен төтенше жағдайға 1,2 трлн теңге қарастырылған. "Жұмыспен қамтудың жол картасына" 300 млрд теңге бағытталады. Инфрақұрылым жобалары жүзеге асып, 250 мың жұмыс орны құрылады. "Бизнестің жол картасын" іске асыруға қосымша 84,5 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Кәсіпкерлерді субисидия мен несиелік кепілдік арқылы қолдау көзделіп отыр. Осының арқасында 16 мың жұмыс орны ашылып, 250 млрд теңгенің салығы түседі деген есеп бар. Азаматтардың жекелеген санатына 5 567 теңгенің азық-түлігі мен тұрмыстық жиынтығын тарату үшін 30,8 млрд теңге қарастырылған. Бұл шара 2 миллионнан астам адамды қамтиды", – деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу