Ауыл шаруашылығы министрі саладағы бұрмаланған деректерді жариялады

208

Осыған байланысты статистикалық деректерді қалыпқа келтіретін арнайы жұмыс тобы құрылды. 

Ауыл шаруашылығы министрі саладағы бұрмаланған деректерді жариялады Фото: freepik

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров саладағы негізгі проблемаларбың бірі ретінде статистикалық деректерді бұрмалау мәселесіне назар аударды, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Қайта өндеуді ілгерлетуге мүмкіндік бермейтін саланың келесі проблемаларына жеке-жеке тоқталғым келеді. Біріншіден, шикізаттың қымбатшылығы мен жеткіліксіздігі. Статистика бойынша шикізат мал шаруашылығында жеткілікті, біз бұл деректер шындыққа жанаспайтынын түсінеміз. Мысалы жылда, ресми статистика бойынша, 6,5 млн т шикі сүт өндіріледі, алайда 180 кәсіпорында 2,1 млн т ғана өндіріледі. Сонда осыншама сүт бола тұра қалай шикізат жетіспейді? Бұл мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы көпжылдық статистиканы бұрмалау тәжірибесімен түсіндіріледі", — деді министр. 

Осыған байланысты статистикалық деректерді қалыпқа келтіретін арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс нәтижесінде 2 млн бас мал, 3 млн т сүт есептен шығарылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу