2 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

1204

2 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

"Arabtec Holding PJSC" компаниясының басшылығымен  кездесу барысында "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысы аяқталған соң, Қазақстан азаматтары үшін 2 мың жаңа тұрақты жұмыс орны құрылатыны хабарланды. Сонымен қатар жергілікті кадрды даярлау бойынша арнайы бағдарламаны әзірлеу жөнінде келесімге қол жеткізілді, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің медиа орталығы.

Тараптар  "Абу-Даби Плаза" нысанында жұмысқа ие бола алатын жергілікті кадрды даярлау бойынша арнайы бағдарлама әзірлеу жөнінде келісім жасады.

"Абу-Даби Плаза" кешенінің жобасын іске асыруға 17 мыңнан астам қазақстандық қатысты, олардың 9,5 мыңы біліктілігі жоғары қызметкерлер – инженерлер, мұнаралы кран операторлары, қауіпсіздік техникасы бойынша мамандар.

Қазіргі уақытта құрылысқа 3,5 мың қазақстандық азамат тартылған.

Жобаның іске асуына ұсынылып отырған 267 компания мен АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Испания, Ирландия, Ресей, Украина сынды 43 елдің азаматтары қатысуда.

Айта кетейік, "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысы 2012 жылы басталған болатын. Жоба бойынша инвестиция көлемі 1,6 млрд АҚШ долларын құрайды. Құрылыс халықаралық стандарт және жаңа құрылыс технологиялары бойынша жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу