2 мыңдай ауылдың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы жаңғыртылады

1261

Бүгін үкіметте "Ауыл – Ел бесігі" жобасын іске асырудың тәсілдері мақұлданды.

2 мыңдай ауылдың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы жаңғыртылады

"Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында әлеуеті жоғары (тірек ауылдар) 2 мыңға жуық ауылдық елдімекеннің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы жаңғыртылады. Бұл туралы жобаны іске асыру мәселесі қаралған үкімет отырысында Премьер-министрінің орынбасары айтты.

7 жыл ішінде "кіші урбанизация" процестерін қамту, 6,1 млн адамға жететін тірек ауылдарда қолайлы өмір сүру ортасын құру көзделген.

"2019 жылы бастапқы кезеңде біз 52 облыс орталығын жаңғыртамыз, бұл 700 мыңға жуық адамның немесе ауыл халқының 9%-ының тұрмыс сапасын жақсартады. 2025 жылға қарай барлық ауыл тұрғындарының 80%-ын өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес қажетті игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз ету жоспарланған", – деді Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу