2 мыңдай отбасы үй-жайын заңдастыра алмай жүр

848

Шымкентте 2 мыңға жуық отбасы үй-жайын заңдастыра алмай келеді, деп хабарлайды Atameken Business.

2 мыңдай отбасы үй-жайын заңдастыра алмай жүр

Арасында өзіне тиесілі жерге иелік ете алмай жүргендер де бар. Мәселе, әсіресе, қаланың мегаполис мәртебесіне ие болар тұсында, шаһар аумағына енген елді мекендерде көптеп туындауда. Кезінде кезекпен берілген жерлер қалаға өткеннен кейін нысаналы мақсаты өзгерген. Соның кесірінен бүгінде мыңдаған отбасы өздері тұрып жатқан баспаналары мен жер телімінің құжаттарын рәсімдей алмай сандалып жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу