2 мыңға жуық қазақстандық карантинде жатыр

1773

Халық көп жиналатын орындарда арнайы шаралар күшейтілді.

2 мыңға жуық қазақстандық карантинде жатыр

Карантинге алынған азаматтар саны сәт санап көбейіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "Хабар 24" арнасынан тікелей эфирде айтты.

"Жалпы ел бойынша қазіргі таңда 1 400-ден астам азамат стационарлық карантинде, ал 545 азамат үй карантинінде жатыр. Тағы басқа мемлекеттен келіп жатқан азаматтар үш санат бойынша бақылауда немесе жалпы есепте тұрады. Осы жағдайға байланысты қажетті іс-шаралар мемлекеттік деңгейде ведомствоаралық комиссияның шешімімен қабылдануда. Өздеріңізге мәлім, жалпы үлкен шараларға тыйым салынып, олар тоқтатылды. Қазір қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шаралар енгізілуде. Әрине біздің негізін мақсатымыз – осы коронавирус инфекциясының таратылуын тоқтату. Бұл бағытта санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қажетті барлық шараны қабылдауда", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу