Ауқымды құрылысқа 4 мыңнан астам жұмысшы тартылған, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
"Барлығы 472 тұрғын үй апатты деп танылды. Бүгінгі күні құрылысшылар 18 үйді тапсырды, тағы 125 үйдің әрлеу жұмыстары аяқталуда. Тұрғын үй қорының нысандарын толық қалпына келтіру Арыстың 10 секторында жүргізіледі және 20 қыркүйекке дейін аяқталады",– делінген ведомство таратқан хабарламада.
Тағы 2 мыңға жуық құрылысшы 10 әлеуметтік және 187 бизнес-нысанды қайта жаңартады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу