Жыл басынан Қазақстан арқылы транзитпен Қытай – Еуропа – Қытай қатынасында 2013 контейнерлік пойыз ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.
Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 25 % артық. Соның ішінде Қазақстаннан Еуропаға 1147 пойыз жөнелген, бұл сол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 % көп.
Кері бағытта – 866 пойыз қатынап, былтырғымен салыстырғанда 43 %-ға ұлғайғаны анықталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу