Жалпы алдағы жылыту маусымына дайындау қажет қазандықтардың 81%-ы дайын, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Республика бойынша алдағы жылыту маусымына шамамен 12 мың автономды қазандықты дайындау қажет, жұмыстың 81%-ы орындалды, 10 мыңнан астам автономды қазандық дайындалды.
Қазандықтарды дайындау бойынша артта қалу көрсеткіші Астана қаласы бойынша байқалады, жұмыс тамыз айының соңына дейін аяқталады.
Автономды қазандықтар бойынша 1,3 млн тоннадан астам көмір, 9,3 мың тонна мазут және 54 мың тонна дизель отынын дайындау қажет. Қазіргі уақытта 50% көмір, 98% мазут және шамамен 50% дизель отыны дайындалды",— деді Үкімет отырысы барысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
Автономды қазандықтарды отынмен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарлың төмен қарқыны – Қарағанды, Түркістан, Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Абай және Алматы облыстары мен Астана қаласында тіркелген.