Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваның сөзінше, қалада 300-ге жуық мектеп бар. Мектептерде балалардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етудің кешенді санитарлық шаралары қабылданды. Икемді сабақ кестесі құрылып, бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары үшін қосымша ауысым ұйымдастырылды.
"Оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа ауысуына тыйым салынды. Сабақ "бір сынып – бір кабинет" қағидаты бойынша жүріп жатыр", – деді білім басқармасының басшысы.
Қанат Махамбет