2 өңірде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді

619

Өткен тәулікте 2 өңірде COVID-19 вирусын жұқтыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2 өңірде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 8 адам коронавирус жұқтырды.

Нұр-Сұлтанда – 4 адамнан, Алматыда – 4 адамнан вирус анықталды.

Жалпы елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 305 644 жетті. 

Сонымен қатар Қазақстанда 149 адам коронавирустан айықты:
Алматыда – 91, 
Шымкентда – 6, 
Маңғыстау облысында – 50,
Солтүстік Қазақстан облысында – 2.

Елімізде барлығы 1 291 897 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

15 мамырдағы мәлімет бойынша 228 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 51 пациент стационарда, 177 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 11 адамның жағдайы ауыр, жағдайы өте ауыр науқас жоқ, 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу