"2 шетелдік қару-жарақ арсеналымен ұсталған": Астана полициясы депутаттың сөзін жоққа шығарды

125

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.  

"2 шетелдік қару-жарақ арсеналымен ұсталған": Астана полициясы депутаттың сөзін жоққа шығарды Фото: instagram

Әлеуметтік желілерде таралып жатқан Астанада шетел азаматтарының қару-жарақ арсеналымен ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов әлеуметтік желідегі парақшасында "Назарбаев университетіне қарасты пәтерден 2 шетел азаматы қарумен ұсталды" деген жазба жариялаған болатын. 

Астана қалалық полиция департаменті осы оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Әлеуметтік желілерде таралып жатқан шетел азаматтарының қару-жарақ арсеналымен ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Тұрғын үйге белгілі бір заттарды кіргізу фактісі орын алғанын және ол жөнінде тұрғыннан хабарлама түсіп, оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел түрде жеткенін хабарлаймыз. Тексеру барысында жәшіктің ішінде тарихи және мәдени құндылығы бар антикварлық қару-жарақ заттары болғаны анықталды. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, олар заманауи жауынгерлік қару санатына жатпайды. Тұрғындарға ешқандай қауіп төнген жоқ", – делінген ресми ақпаратта.

Аталған факті бойынша қолданыстағы заңнама аясында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарды сабыр сақтауға және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу