Елімізде 2-сыныпқа арналған бірыңғай базалық оқулық бекітілді. Мұны орталық коммуникациялар қызметінде пәндік комиссиялардың жұмысын қорытындылауға арналған брифингте білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.
"Пәндік комиссиялардың қарауына мектепке дейінгі тәрбие және оқыту деңгейіне арналған әдебиеттер, 2, 5 және 7-сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, арнайы мектептерге оқу әдебиеттері, қосымша әдебиеттер және электронды тасымалдағыштағы оқу басылымдары ұсынылды. Оның ішінде 197-сі оқулық: 2-сыныпқа арналған – 62, 5-сыныпқа – 63 және 7-сыныпқа – 72 оқулық бар", – дейді Эльмира Суханбердиева.
Республикалық және пәндік комиссиялар 2-сыныпқа арналған бірыңғай базалық оқулықтар, 5 және 7-сыныптарға арналған баламалы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту деңгейіне, арнайы мектептерге арналған оқу басылымдарын және баска да қосымша әдебиеттерді іріктеп алды.