2 тонна есірткі тәркіленді

817

2 тонна есірткі тәркіленді

Жамбыл облысы, Байзақ ауданының 56 жастағы тұрғынынан 730 келі "кептірілмеген марихуана"  және 3 келіден астам дайын өнім табылды, деп хабарлайды abctv.kz.

 Ол "Жусанды" аумағында заңсыз есірткі саудасымен бірнеше жылдан бері айналысып келген екен.  Сондай-ақ, Жамбыл ауданының 36 жастағы тұрғынынан да кептірілмеген марихуананың 1 тонна 220 келісі және кептірілген анашаның 20 келіден астамы  тәркіленді.  Олар анашаны орып, жинап жатқан жерінен ұсталған.

Жамбылдық 36 жастағы азамат бұрын  осындай әрекеті үшін сотты да болған. Күдіктілер өз кінәсін толықтай мойындап, бүгінде уақытша ұстау абақтысына жабылған.

 Жалпы, Жамбыл облысында  жыл басынан бері жалпы салмағы 12 тоннаны құрайтын аса ірі көлемдегі есірткі заты тәркіленіп, 14 дерек тіркеліпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу