Бүлдіршінді тұншықтырған тәрбиешіге қатысты сот отырысы басталды

937

Бүлдіршінді тұншықтырған тәрбиешіге қатысты сот отырысы басталды

Теміртауда 2 жасар бүлдіршінді тұншықтырған тәрбиешіге қатысты сот басталды. Ел тұрғындарын дүрліктірген оқиғаны облыстық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған сот қарап жатыр, деп хабарлайды sputniknews.kz. 

50 жастағы тәрбиеші "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде өз міндеттерін орындамау және қатыгездік таныту" бабымен айыпталып отыр. Енді ол 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеп, қоғамдық жұмысқа жегілуі немесе 75 күнге қамалуы мүмкін.

Алайда, бүлдіршіннің анасы жазаның тым жеңілдігін айтып, қатыгез педагогты соттауды сұрайды. Басқа да ата-аналардан жауап алынады. Тіпті, қоқынышты көріністі 4 ай бойы телефонда сақтаған тәрбиешінің көмекшісі де куәгер ретінде шақырылған. 

"Баланың ұйқысы нашар. Қатыгездік пайда болған. Әркімнен өзін қорғағысы келеді де тұрады. Мазасыз. Бірақ, тым кішкентай болғандықтан оны дәлелдей алмай отырмыз. Баланы тұншықтыруға болады. Ал, кінәлі адамды жауапқа тарту қиын екен. Біз Нананың психикалық соққы алғанын дәлелдеу үшін тек бір жыл өткен соң ғана психиатриялық емханаға оны 1 ай бойы жатқызып, емдетуіміз керек екен. Бұл дұрыс емес. Тәрбиешіні соттау керек деп есептеймін", — дейді баланың анасы Анна Баркалая. 

Биыл тамызда 2 жасар бүлдіршінді балабақшада көрпемен тұншықтырып жатқан тәрбиешінің видеосы әлеуметтік желілерде жылдам тарап, үлкен шу туғызған еді. Кейін оқиғаны оның көмекшісі түсіріп алып, балабақша директорын бопсалағаны анықталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу