Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Мемлекет басшысы министрліктің алдына балаларды 2 жастан бастап балабақшамен қамту міндетін қойды. Бүгінгі күні кезекте тұрған балалар санынан есептегенде 2-6 жастағы балаларды қамту 88%-ды, ал балалардың жалпы санынан 58%-ды құрайды. Қалай болса да бұл балаларды сапалы біліммен қамтуымыз керек. Осы мәселе бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп, келесі жылғы бюджетке мемлекеттік тапсырыс беру үшін қосымша қаражат қарастырылып отыр", – деді оқу-ағарту министрі.
Министрдің айтуынша, биылдың өзінде елімізде 300-ден астам жаңа балабақша салынып, 40 мыңға жуық орын ашылады.