"2 жыл бойы зорлап келген": Қызылордалық бапкер "16 жастағы шәкіртімен жыныстық қатынасқа түсті" деп айыпталды

Жаттықтырушы қазіргі уақытта "студентті зорлады және қорқытты" деген күдікпен қамауға алынған.  

"2 жыл бойы зорлап келген": Қызылордалық бапкер "16 жастағы шәкіртімен жыныстық қатынасқа түсті" деп айыпталды Фото: qaz365.kz

Бұл туралы Informburo.kz-ке сілтеме жасап inbusiness.kz сайты хабарлайды. 

Кәмелетке толмаған қыздың сөзінше, бапкері оны екі жыл бойы қорқытып, жыныстық зорлық-зомбылыққа тартқан. Жәбірленуші алғашқы жағдай Талдықорғандағы жарыс кезінде болғанын айтады. 

Күдікті сол оқиғаны бейнежазбаға түсіріп, "жазбаны таратып жіберемін" деп қорқыту арқылы қаршадай қызды ұзақ уақыт бойы мәжбүрлеген. 

Жасөспірім кейін бапкерінің оны басқа ер адамдармен кездестіргенін айтқан. Отбасы сұмдық туралы естіген соң полиция көмегіне жүгінген. Десе де, оған дейін жәбірленушінің анасы мен 18 жастағы ағасы күдіктімен кездесіп, оған күш көрсеткен.

Қызылорда облыстық полиция департаменті жасөспірімді зорлады деген күдікпен екі ер адам ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынғанын хабарлады. 

– Қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру аяқталып, қатысушылар іс материалдарымен танысып жатыр, – деді Қызылорда облыстық полиция департаменті басқармасының басшысы Бауыржан Сәулебеков.

Бүгінде жәбірленушінің анасы мен 18 жастағы ағасына қатысты жаттықтырушыны ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.

Қазір істің материалдары тараптарға танысу үшін берілсе, бапкерге қатысты қылмыстық іс жақын уақытта сотқа жолданбақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу