Оның сөзінше, МӘМС іске қосылғаннан соң салалық қаржыландырудың орташа жылдық қарқыны 2 еседен артық өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жалпы, саланы қаржыландыруды ұлғайту халық үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырған және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартуға тікелей әсер етпек. Мысалы, соңғы 7 жылда 1 адамға арналған медициналық шығыстар 98 мың теңгеден 258 мың теңгеге дейін ұлғайған.
– Бастапқы деңгейде көрсетілетін қызметтер және консультациялық-диагностикалық қызметтер саны 2,7 есе артты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің "табысты адамның осал топқа жәрдемі" негізгі қағидатын жүзеге асыру жүйенің басты жетістіктерінің бірі болды. Бұл әлеуметтік әділдіктің тиісті деңгейін және медициналық көмектің жалпыға бірдей қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, – деді Ақмарал Әлназарова.
Сақтандыру моделін енгізу Қазақстанның денсаулық сақтау саласы жалпы шығыстарының ұлғаюына серпін бергені рас. Яғни, МӘМС іске қосылғаннан кейін салалық қаржыландырудың орташа жылдық қарқыны 2 еседен аса артып, 21,2 пайызды құраған. Бұл өз кезегінде инвестициялардың, оның арасында жеке инвестициялардың келуін ынталандырған.
– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сақтандыру моделі жүйесінде жұмыс істейтін елдердің үздік тәжірибелерін ескере отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС пакеттерін қайта реттеу жүргізілді. 2027 жылға қарай МӘМС қаражаты сала шығыстарының негізгі қаржыландыру көзіне айналады, – деді министр.