20-22 наурыз аралығында елордада мерекелік жәрмеңке өтеді

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылатын іс-шараға 132 кәсіпкер қатысады. 

20-22 наурыз аралығында елордада мерекелік жәрмеңке өтеді Фото: elorda.info

Мерекелік жәрмеңке EXPO көрме орталығында өтеді.

Жәрмеңке келесі секторларға бөлінеді:

  1.  "Тұмар базары"  кәдесый бұйымдарын, шығыс стиліндегі күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды, былғарыдан жасалған бұйымдарды және т. б. сату көзделеді;
  2.  "Жасыл базар" жемістер мен көкөністер;
  3.  "Кілем базары" ұлттық бұйымдар (көрпе төсек, кілем);
  4.  "Зергер базары"  қолөнер бұйымдары;
  5.  "Мейіз базары"  кептірілген жемістер мен шығыс тәттілері;
  6. "Тағам базары" сүт ет өнімдері және басқа да азық-түлік өнімдері.

"Кәсіпкерлер мен өндірушілерді іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Біздің тарапымыздан 2,7 метрлік павильон және барлық қажетті инфрақұрылым өтеусіз негізде қамтамасыз етіледі", – деп хабарлады Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу