20-40 жас аралығындағы алматылықтар екпе салдыруға асығар емес

1141

Вакцинациядан өткендердің 23,7%-ы 60 жастан асқан қарттар. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

20-40 жас аралығындағы алматылықтар екпе салдыруға асығар емес

Алматы қаласында вакцинаның 1-компонентін – 316 407  (33,1%) адам, 2- компонентті – 201 517 адам алды. Бүгінгі таңда Спутник-V, QazVac, Hayat-Vax вакцинаның біреуін таңдау мүмкіндігі бар. 

"Күнделікті мониторинг нәтижелері бойынша медицина қызметкерлері - 29 389 (75,9%), педагогтар - 23 814 (86,8%), құқық қорғау органдарының қызметкерлері (полицейлер, ҰҚК, ТЖМ, ҚМ, ҰҚК, ІІМ, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері) – 20 993 (98%-дан астам) , созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек қантамыр жүйесі) -33 242 (11,1%) вакцинацияланды. Қуантарлық жағдайдың бірі, вакцина алғандардың ішінде 60 жастан асқан қарт кісілер 30 821 адамды құрайды, бұл жалпы көрсеткіштің 23,7%-ы. Қазіргі кезде 20-40 жас аралығы қала тұрғындарының вакцинамен аз қамтылуы алаңдаушылық тудырады. Өткен тәулікте жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша жастардың көп жиналуы, санитарлық талаптарды сақтамай, бетперде кимеуі үрей туғызады. Статистика бойынша инфекциядан қайтыс болған адамдардың 80%-дан астамы 60 жастан асқан үлкен кісілер", – дейді Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу