20,6 мың жүргізуші көлік басқару құқығынан айрылды

977

Ел аумағында жыл басынан бері тіркелген 9 422 жол-көлік оқиғасының салдарынан 1 418 адам қайтыс болып, 12 426 адам жарақат алды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәжілістегі үкімет сағатында осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

20,6 мың жүргізуші көлік басқару құқығынан айрылды

"Полиция қызметкерлері 5,1 млн құқық бұзушылыққа тосқауыл қойды. Олар көлік құралын мас күйде басқарудың 17,8 мың, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзуының 200 мың, автокөлікті жылдамдықты асырып басқарудың 1,8 млн, автокөлікте қауіпсіздік белдігін тақпаудың 232,3 мың және автокөлік басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесудің 64,5 мың  фактісін тіркеді. 17,8 мың мас жүргізуші ұсталды. 20,6 мың тәртіп бұзушы көлік басқару құқығынан айырылды. 17,5 мың жүргізуші әкімшілік қамауға алынды", – деді министр.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, патрульдік полиция қызметкерлері жыл басынан бері планшетпен 2,8 млн-нан астам электронды хаттама толтырды.

"Хаттамалар онлайн-режимде прокуратураның деректер базасына және электронды үкімет порталына келіп түседі. Бұл хаттаманың қате толтырылуын немесе жоғалуын болдырмайды және азаматтарға алғашқы 7 күнде айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік береді", – деді ішкі істер министрі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу