Жыл басынан бері 20 қазақстандық әлеуметтік желідегі сөздері үшін сотқа тартылды. Олардың 16-сы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің дерегіне сәйкес, 1 құқық бұзушы Қазақстанның унитарлығы мен тұтастығын бұзуға шақырғаны үшін 5 жылға түрмеге жабылған. Тағы 15 азамат Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотталған. Олар терроризмді насихаттап, теракт жасауға шақырғандары үшін айыпты деп танылып, 2 жылдан 9 жылға дейін абақтыға қамалған. Тағы екі заң бұзушының ҚР ҚК 174-бабы - әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру бойынша бас бостандықтары шектелген. Әлеуметтік желіде билік өкілін балағаттаған бір қазақстандық шамамен 227 мың теңге айыппұл төлеген.