20 академиялық артықшылық орталығы мен 2 жоғары оқу орны құрылады

1100

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде 2025 жылдың соңына дейін шет мемлекеттің 5 жоғары оқу орнының филиалын ашу жоспарланып отырғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

20 академиялық артықшылық орталығы мен 2 жоғары оқу орны құрылады

Министрдің мәлімдеуінше, "BILIMDI ŪLT" баршаға арналған сапалы білім" ұлттық жобасы аясында жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басымдық беріледі. 

"Сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім гранттарының саны өседі. Оқу бағдарламалары жаңа жағдайға бейімделеді. Бұл үшін инновациялық бағдарламалар әзірленеді, білім беру бағдарламалары еңбек нарығының талабына сәйкес жаңартылады. Қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында 20 академиялық артықшылық орталығы және Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша 2 озық жоғары оқу орны құрылады. Сонымен бірге 2025 жылдың соңына дейін шетелдің 5 жоғары оқу орнының филиалын ашу жоспарланып отыр", – деді Асхат Аймағамбетов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу