20 ақпанда халықаралық жүк авто тасымалына рұқсат беретін жаңа ереже күшіне енеді

693

Енгізілген өзгерістер халықаралық жүк тасымалы мен өзге де рәсімдерді жүзеге асыруға рұқсат беретін талаптарды күшейтуді көздейді.  

20 ақпанда халықаралық жүк авто тасымалына рұқсат беретін жаңа ереже күшіне енеді Фото: egemen.kz

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылдың 13 желтоқсандағы №715 бұйрығымен ("ҚР Көлік және коммуникация министрінің және ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы") тасымалдаушыларға халықаралық жүк автотасымалын іске асыруға рұқсат беретін ережелер мен Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесінің халықаралық бағыттағы қолдану ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл құжат халықаралық жүк автотасымалының еліміздегі нарығын дамытуға, сондай-ақ ішкі нарық пен отандық тасымалдаушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған.

Атап айтқанда, осы бұйрық арқылы автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкаларының қолданылу мерзімі белгіленіп, шетелдік рұқсатты алудың тәртібі айқындалды (рұқсат беру куәлігі мен рұқсат беру карточкасы "шетелдік рұқсат беру құжатын қолдану" және "қолданбау" санаттарына бөлінеді).

Сондай-ақ рұқсат куәлігі мен рұқсат карточкасының қолданылуын шектеп, оларды тоқтатумен бірге компанияларға шетелдік рұқсат құжаттарын халықаралық жүк автотасымалын іске асыруға беру мен тағы да басқа талаптар енгізіліп отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу