Алматыда автобустарға велосипед таситын арнайы құрылғы орнатылады, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл жоба қаладағы көлік кептелісін азайтып, жұмысқа қатынау уақытын азайту және экология мәселесін оңалту мақсатында қолға алынып отыр. Әзірге бұл бастаманы қаладағы 29 және 45-бағыттағы автобустар жүзеге асырады. Ал 7 маусымға дейін 20 автобусты велотасымал құралымен жабдықтау жоспарланып отыр. Соның көмегімен қала тұрғындары Медеуге еш қиындықсыз қатынай алады. Тасымал кезіндегі велосипед қауіпсіздігіне жолаушыларды тасымалдаушы компания жауап береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу