20 балаға жеке балабақшаға қабылдануына сертификат табыс етілді

1508

20 балаға жеке балабақшаға қабылдануына сертификат табыс етілді

Көп балалы аз қамтылған отбасылардың 20 баласына сертификат табыс етілді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Алматы ауданының әкімдігі Астана қаласының 20 жылдығы аясында "20 ізгі қадам" қайырымдылық шарасы бойынша көп балалы аз қамтылған отбасылардың 20 баласына ақысыз негізде жеке балабақшаларға қабылдайтын сертификат табыс етті. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылды.

"ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай "20 ізгі қадам" қайырымдылық шарасы бойынша аудандағы көп балалы 20 балаға балабақшаға тегін баруға сертификат табысталды. Олар 12 балабақшаға орналасады. Балаларды орналастыруда балабақша құрылтайшылары көп қолдау көрсетті", - деді Алматы ауданы әкімінің орынбасары Тынысбек Арашапов. 

Сондай-ақ игі іске Астана қаласының мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдарының қауымдастығы мен "Үміт Бейбітшілік" қайырымдылық қоры және "Рахмет" сауда үйінің өкілдері атсалысты.

"Мен балалар үйінде өсіп-тәрбиелендім. Жеті балам бар. "Алтын алқаның" иегерімін. Бізге осындай көмек көрсетіп жатқан аудан әкімдігі мен басқа да жаны жомарт жандарға алғыс айтамын", - дейді көп балалы ана Жанар Қауменова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу